Конференция аясындағы ағылшын  тілі мұғалімдерінің секциясы

Конференция аясындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің секциясы

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалқ конференциясы аясындағы  «Шет тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Жантурина Нагима Сепиловна қатысып, аудан мұғалімдеріне функционалдық сауаттылықты арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Қазан жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Какежанова Диана Ербулатқызы ағылшын тілі сбақтарында оқу тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді  амалдарымен таныстырды.

Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Майманова Гульдара Балтабекқызы функционалдық сауаттылықтың практикалық стратегиялары туралы тәжірибесін ортаға салды.

Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Бильтаева Гульбахыт Елубаевна оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін PISA тапсырмаларын қолдану жолдарымен бөлісті.

Жас мамандар:  Майтүбек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Кушербаева Айдана Жумажанқызы оқушыларды оқуға қызықтыру,  Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Уалиева Айгерим Талғатқызы бастауыш сыныпта оқу сауаттылығына тәрбиелеу  бойынша  өзінің алғашқы тәжірибелерімен бөлісті.

Секция жұмысы аудандық ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының төрайымы, Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Майманова Гульдара Балтабекқызының  жетекшілігімен өтті.

“Оқуға құштар мектеп” жобасын іске  бойынша іс-тәжірибесін ортаға салды

“Оқуға құштар мектеп” жобасын іске бойынша іс-тәжірибесін ортаға салды

Білім беру бөлімі тарапынан әр бейсенбі күні ұйымдастырылатын әдістемелік күн аясында 1 сәуір күні Қазақстан НМ директоры Р.Байкежанова мен Майтүбек ОМ директоры Л.Елеукеева “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру  бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салды

“Кітап оқуға құштар мектеп” жобасының іске асырылуы бойынша есеп берді

“Кітап оқуға құштар мектеп” жобасының іске асырылуы бойынша есеп берді

Май ауданы білім беру бөлімінің мәжілісі аясында Ақжар мектебінің директоры О.Аубакирова  «Кітап оқуға құштар мектеп»  жобасының іске асырылуы  бойынша есеп берді. Жоба аясында демеушілерді тарту арқылы, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырарлық шараларды ұйымдастыру идеясы барша мектеп басшыларының көңілінен шықты.

“Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2021” облыстық байқауында II орынға ие болды

“Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2021” облыстық байқауында II орынға ие болды

2021 жылдың 19 наурызында Павлодар қаласында негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында “Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2021” облыстық байқауы өтті.Байқауға облыс аудандары мен Павлодар қаласының педагогтары қатысты. Май ауданынан қатысқан Малайсары ЖОББМ намысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рүстемова Гүлнұр Ертісбайқызы  II орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Білім беру басқармасы басшысымен кездесу

Білім беру басқармасы басшысымен кездесу

5 наурыз күні білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлымен “Жаңартылған мазмұнды дамыту векторы: академиялық сауаттылықтан функционалдық сауаттылыққа” тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге өңірлік бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының төрайымы А.Шакиева және бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ғ.Сейілханова қатысты. Аталған шарада фунуционалдық сауаттылықты арттыру міндеттері айқындалып  қана қоймай, педагогтер қауымы өз іс-тәжірибелерін ортаға салды. Мереке алдында өткен маңызды кездесуден мұғалімдер жаңа серпін, тың шабытпен оралды.

Аймақ басшысымен кездесуге қатысты

Аймақ басшысымен кездесуге қатысты

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі өңірдің түрлі салаларының нәзік жанды өкілдерімен кездесіп, сұхбаттасты. Мереке қарсаңындағы кездесу облыстық көркем өнер мұражайында өтті. Бас қосуға келгендер үшін галереяға экскурсия ұйымдастырылды. Аймақ басшысы шараға қатысқан қыз-келіншектердің атқарып отырған еңбектеріне жеке тоқталып, мерекемен құттықтады.  Кездесуге Май ауданынан Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің ұстазы, респубдикалық конкурстың жеңімпазы  Жұмабекова Гүлден Сансызбайқызы қатысты. Қатысушыларға арнайы дайындалған сыйлық – олардың жеке портрет суреттері табыс етілді.