РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы шеңберінде қазақтың көрнекті биі, Тәуке ханның билер кеңесінің мүшесі, «Жеті Жарғы» заңдар жинағын түзетуге қатысушы тарихи тұлға – Едіге би Төлебайұлына арналған мектеп оқушыларының арасындағы облыстық оқуларға Май ауданы бойынша 3 оқушы қатысып, олардың барлығы да жеңімпаздар қатарынан көрінді.

🔸️”Етегіне ел сиған Едіге би” үй тапсырмасы бойынша жоба жазу бағытында бас жүлдеге ие болған Көктөбе орта мектебінің 10-сынып оқушысы Серік Әнигүл (мұғалім Гүлмира Калиева).

🔸️«Едігедей би өткен» эссе жазу бағыты бойынша жүлделі 3-орынға ие болған Көктөбе орта мектебінің 10-сынып оқушысы Марат Аружан (мұғалім Гүлмира Калиева).

🔸️Саты негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Социал Зарина “Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би” бағыты бойынша тест тапсырмалары орындап, Құлболды әулие атындағы арнайы сыйлыққа ие болды (мұғалім Гүлден Телеухан).

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТТАТ ТАБЫСТАУ

ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТТАТ ТАБЫСТАУ

іс-шарасы «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбымен өтті. Оған түлектердің ата-аналары, ұстаздары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Май ауданы бойынша 65 түлек жалпы орта білім туралы аттестат алып, үлкен өмірге қадам басты. Олардың ішінде 9 түлек (Ақжар ОМ – 3, Қазан ОМ – 1, Малайсары ОМ – 1, Көктөбе ОМ – 1) «Алтын белгі» аттестатының, 1 түлек (Е. Мұқашев ат. ОМ) «Үздік аттестат» иегері атанып отыр.

Түлектер кешіне аудан әкімі А. Әмірин қатысып, «Алтын белгі» иегерлеріне арнайы төсбелгілерді тағып, ақшалай сертификат табыстады. Ол өз сөзінде мектеп бітіруші түлектерді, “Алтын белгі” иегерлерін бүгінгі қуанышты сәтімен құттықтап, табысты болашақ тіледі.

ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕР СЫНЫП

ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕР СЫНЫП

білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 16 ақпан күні қашықтан өтті. Мектепке дейінгі педагогтер қауымдастығымен бірлесе отырып өткен  «Бақытты бала» жобасы аясында «Ұлттық үстел үсті ойындары» тақырыбында өз тәжірибесімен бөліскен Гүлжанат Ертайқызы Қазан орта мектебінің шағын орталық әдіскері, аудандық мектепке дейінгі педагогтер қауымдастығының жетекшісі.

Сонымен қатар, аталған шеберлік сыныпта Баянауыл ауданы, Павлодар қаласының педагогтерінің де іс-тәжірибесі таныстырылды.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІГІНЕ МОНИТОРИНГ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІГІНЕ МОНИТОРИНГ

жүргізу аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес өтуде. 4 және 8 (ерте дайындық), 9 сыныптарда жүріп жатқан мониторингтің мақсаты – оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша білімдерін қолдану және талдау деңгейлерін анықтау.

Мониторинг әр ай сайын жүргізіледі. Қорытындысы ақпан айының соңындағы мектеп директорларының кеңесінде таныстырылды.

ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ

ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ

ағымдағы жылғы 14-19 ақпан аралығында өтеді. Жалтыр орта мектебінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында өткізіліп жатқан жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадаға 67 оқушы қатысуға ниет білдірген. Олардың 30-ы жаратылыстану-математикалық бағытта, 37-сі қоғамдық гуманитарлық пәндер бойынша бақ сынайды.

Павлодар облысы бойынша 2021 – 2022 оқу жылына қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссиясының  ШЕШІМІ

Павлодар облысы бойынша 2021 – 2022 оқу жылына қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссиясының ШЕШІМІ

Облыстық комиссия шешімімен Май ауданынан “Ақжібек” ЖК және “Ardadi.kz” ЖК мемлекеттік тапсырыс орналастыруға ұйымдар тізіміне қосылды және тапсырысының көлемі бекітіл