8-71838-91336 raioo@mail.ru

Конференция аясындағы орыс тілі мұғалімдерінің секциясы

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  қазақ тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Бейсенова Қымбат Темирболатқызы қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар жасады.

Бұл секцияға арнайы шақырылған  Павлодар қаласы № 16 мектебінің мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша директор орынбасары Медеуова Сауле Абылкаировна және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Казкенова Гульмира Еркиновна   «Оқуға құштар мектеп-табысты ұлт» жалпымектептік жобасын іске  асыру тәжірибелерімен бөлісті.

Өз кезегінде Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Жумабаева Қарлығаш Какимовна функционалды оқу дағдыларын қалыптастыру,  Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Жаксымбетова Мапруза Кумаровна жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында кітапхана мен мұғалімнің бірлескен жұмысы, А.Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінің мұғалімі көркем шығарманы сахналау тәжірибелерімен бөлісті.

Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Адилханова Жанар Акановна «Оқуға  құштар  мектеп» облыстық жобасын іске асыру аясында оқушылардың көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыру жолдары» тақырыбы бойынша өз тәжірибесін ортаға салды.

Секция жұмысы аясында функционалдық сауаттылық бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі мен қорытынды атестаттауға дайындық сияқты өзекті мәселелер де қарастырылды.

Секция жұмысы аудандық орыс тілі қауымдастығының мүшесі  Кульсаринова Гульмира Еркиновнаның жетекшілігімен өтті.

Мектеп кітапханашыларының секция жұмысы

Мектеп кітапханашыларының секция жұмысы

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  мектеп кітапханашыларының секция жұмысына  арнайы шақырылған Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің аға педагог- кітапханашы  Оспанова Сандуғаш  Тілектесқызы мектеп кітапханашыларын қашықтықтан оқыту үшін оқу процесіне көмектесетін онлайн білім беру ресурстарымен таныстырды.

Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Уалиева Жаңылсын Асқарбекқызы «Қазіргі заманға сай мектеп кітапханасы – шығармашылық және зияткерлік даму орталығы»  (әдеби қонақжай, студиялар жұмыстарын ұйымдастыру) тақырыбы бойынша, Малайсары жалпы орта білім беру мектебі, Тусупова Гульден Жанботайқызы «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында кітапхана мен мұғалімнің бірлескен жұмысы» тақырыбы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің кітапхана меңгерушісі   Тлеумова Орынбасар Құлқанқызы аудандық орталықтандырылған кітапханамен серіктестік және «Кітапқұмар» отбасылық кітап оқу клубы жұмысын ұйымдастыру амалдарымен, Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы  Алдангорова Шолпан Нуртаевна балаларды өздігінен кітап оқуға үйретудегі әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Саты негізгі орта білім беру мектебінің кітапханашысы Кожанова Ульфат Рысбекқызы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясындағы «Бірлесе кітап оқимыз» марафонын өткізу амалдары» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Секция жұмысы әдістемелік кабинет әдіскері Галия Кажыкаримовна Бейсекееваның жетекшілігімен өтті.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің секциясы

Бастауыш сынып мұғалімдерінің секциясы

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  қазақ тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Солтанова Балжан Магауяқызы қатысып, «Артық ғылым кітапта»: Абайдың қара сөздеріндегі функционалдық сауаттылық тақырыбы бойынша мұғалімдерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша пайдалы әдістемелік ұсынымдар берді.

Қазан жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Кайдарова Айнагуль Ерболқызы «Абайтану» курсын бастауыш сыныпта оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тақырыбы бойынша өз жұмысының бастамаларымен таныстырды.

Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Заирова  Гульжан Сайлаубайқызы «Қызығушылықпен оқу» немесе балалар мен олардың ата-аналары үшін интербелсенді оқылымды қалай ұйымдастыру керек?» тақырыбында,  Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Тюлекбаева Асем Амангелдіқызы «Балалар мен ата-аналарды кітап оқуға қалай жұмылдыру қажет?» тақырыбында іс-тәжірибелерін ортаға салып, бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.

Майтүбек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Майманова Жанар Кабыкенқызы балалардың кітап оқу қызығушылығын ояту және дамыту амалдарымен таныстырса, Е.Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Досымбаева Қарлығаш Дакжанқызы балалар мен ата-аналар қарым-қатынасының оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға әсері туралы құнды мәліметтер берді.

Секция жұмысы аудандық бастауыш сынып мұғлімдері қауымдастығының төрайымы, Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Шакиева Алмагуль Бахытбековнаның жетекшілігімен өтті.

Конференция аясындағы ағылшын  тілі мұғалімдерінің секциясы

Конференция аясындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің секциясы

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалқ конференциясы аясындағы  «Шет тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Жантурина Нагима Сепиловна қатысып, аудан мұғалімдеріне функционалдық сауаттылықты арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Қазан жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Какежанова Диана Ербулатқызы ағылшын тілі сбақтарында оқу тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді  амалдарымен таныстырды.

Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Майманова Гульдара Балтабекқызы функционалдық сауаттылықтың практикалық стратегиялары туралы тәжірибесін ортаға салды.

Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Бильтаева Гульбахыт Елубаевна оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін PISA тапсырмаларын қолдану жолдарымен бөлісті.

Жас мамандар:  Майтүбек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Кушербаева Айдана Жумажанқызы оқушыларды оқуға қызықтыру,  Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Уалиева Айгерим Талғатқызы бастауыш сыныпта оқу сауаттылығына тәрбиелеу  бойынша  өзінің алғашқы тәжірибелерімен бөлісті.

Секция жұмысы аудандық ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының төрайымы, Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Майманова Гульдара Балтабекқызының  жетекшілігімен өтті.

Кіші  Сәтбаев олимпиадасы

Кіші  Сәтбаев олимпиадасы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау, қабілеттерін дамыту, жүзеге асыру және оларға қолдау Май ауданының білім беру бөлімі  мен Аксу қаласының дарынды баларға арналған мамандандырылған гимназиясы бірлесе өткізген  7-8 сынып оқушылары арасындағы  Кіші  Сәтбаев олимпиадасына 2 бағыт бойынша Май ауданынан онлайн форматта 52 оқушы қатысты. Нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

О