8-71838-91336 raioo@mail.ru
“Дарынды балаға талантты ұстаз” облыстық конкурсының нәтижесі шықты

“Дарынды балаға талантты ұстаз” облыстық конкурсының нәтижесі шықты

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасау, мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында қашықтық форматында 2021 жылғы 27, 28 сәуір күндері «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Олимпиадаға  Май ауданынан 2  жас педагог қатысты. Облыстық конкурс нәтижесі  бойынша   Ақжар ЖОМ-нің тарих мұғалімі Мүтән Ардақ Мүтәнқызы ІІІ орынға иеленді.

Орыс тілі мұғалімдерінің секциясы

Орыс тілі мұғалімдерінің секциясы

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  қазақ тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Бейсенова Қымбат Темирболатқызы қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар жасады.

Бұл секцияға арнайы шақырылған  Павлодар қаласы № 16 мектебінің мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша директор орынбасары Медеуова Сауле Абылкаировна және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Казкенова Гульмира Еркиновна   «Оқуға құштар мектеп-табысты ұлт» жалпымектептік жобасын іске  асыру тәжірибелерімен бөлісті.

Өз кезегінде Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Жумабаева Қарлығаш Какимовна функционалды оқу дағдыларын қалыптастыру,  Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Жаксымбетова Мапруза Кумаровна жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында кітапхана мен мұғалімнің бірлескен жұмысы, А.Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінің мұғалімі көркем шығарманы сахналау тәжірибелерімен бөлісті.

Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Адилханова Жанар Акановна «Оқуға  құштар  мектеп» облыстық жобасын іске асыру аясында оқушылардың көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыру жолдары» тақырыбы бойынша өз тәжірибесін ортаға салды.

Секция жұмысы аясында функционалдық сауаттылық бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі мен қорытынды атестаттауға дайындық сияқты өзекті мәселелер де қарастырылды.

Секция жұмысы аудандық орыс тілі қауымдастығының мүшесі  Кульсаринова Гульмира Еркиновнаның жетекшілігімен өтті.

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалқ конференциясы

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық ғылыми-практикалқ конференциясы

Абай мұрасын зерделеу арқылы  педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыра отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, оқуға құштарлығын арттыру мақсатында 2021 жылғы 28 сәуір күні Май ауданының білім беру бөлімі Павлодар облысы білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының қолдауымен «Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалқ конференция өткізді. Конференцияға Абайды әлемге таныту – әлемге қазақты таныту деп білетін филология ғылымдарының кандидаты,  халықаралық  Түркі академиясы Президентінің кеңесшісі Ақеділ Тойшанұлы арнайы шақырылды.  Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Phd докторы Бахытгуль Молдағали Ұлы Абай атындағы жоғары оқу орнының мақсаты-міндеттері туралы баяндады. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАЙ, ЖжГПОӘ кафедрасының  аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Өміргүл Ертісханқызы Абай мұрасын оқытуда қазақ әдебиеті пәнінің мазмұндық бөлімдерін тиімді қолдану бойынша әдістестемелік ұсынымдар берсе, филология ғылымдарының магистрі,  Май ауданы Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темиржанова Гульдана Қазболатқызы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы «Абайды танытудың негіздемесі» факультатив курсын 5-8 сыныпта оқытуды ұсынды.

Конференцияға қатысушылар   Семей қаласы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік қорық музейіне жасалған танымды әрі қызықты онлайн саяхаттан кейін, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының Абай академиялық залы жұмысымен танысты. Конференцияның пленарлық бөлімі қазақ тілі, шет тілі, орыс тілі, тарих пәні мұғалімдері және мектеп кітапханашыларының  секция жұмыстарымен жалғасын тапты. Әр секцияға білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері, қалалық мектептердің мұғалімдері  қатысты. Конференция өте жоғары деңгейде өтті.

Конференция аясындағы қазақ тілі мұғалімдерінің секциясы

Конференция аясындағы қазақ тілі мұғалімдерінің секциясы

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  қазақ тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Кожина Замзагуль Сүтешқызы қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Абай шығармаларының өзіндік ерекшелігін таныту амалдарын ортаға салды.

Қазан жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Темиржанова Гульдана Қазболатқызы 5-8 сыныптарда «Абайтану» курсын М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы оқыту амалдары туралы кеңірек мағлұмат берді.

Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Заирова  Гульжан жолдарымен бөліссе, А.Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінің мұғалімі Кожаханова Шынарай Тілектесқызы Абай шығармашылығына бағытталған тақырыптардағы эссе жазуға баулу тәжірибесімен бөлісті.

Май жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Адильшина Нұржамал Бейсенбекқызы «Абай шығармаларын оқытудың мазмұны мен технологиясы» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбын өткізіп, сатылай кешенді талдау арқылы Абай шығармаларын танытудың тиімді жолдарын ұсынды.

Шәкірттері түрлі оқуларда топ жарған Ақшиман негізгі орта білім беру мектебінің мұғалімі Ахметов Рысбек Құрманұлы Абай поэзиясын мәнерлеп оқыту,  Абай оқуларына дайындаудың тиімді жолдары бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Секция жұмысы аудандық бастауыш сынып мұғлімдері қауымдастығының төрайымы, Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Айман Рақымжанқызы Тауованының  жетекшілігімен өтті.

Конференция аясындағы тарих пәні мұғалімдерінің секциясы

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  қазақ тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Жакиенова Алия Амангелдіқызы қатысып, тарих және құқық сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту  амалдары бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі, мектеп директоррының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Ардақ Мүтанқызы «Абайдың педагогикалық мұрасы-ұлтжанды тұлға қалыптастырудың негізі» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Қазақстан негізгі орта мектебінің мұғалімі  Кунанбаева Кульзаим Муратбайқызы тарихты тиімді оқыту және оқушылардың білім сапасын арттыру жолдарымен,  Қазан жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Жаксымбетова Сания Манатқызы тарих және құқық сабақтарында функционалдық оқу дағдыларын дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Саты негізгі орта білім беру мектебінің мұғалімі Солтанова Ботагоз Қайырқызы «Тарих пәні сабағында мәтінмен жұмыс жасау жолдарын ортаға салды.

А.Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінің мұғалімі  Мухамедиярова Айгуль Қабылғазықызы тарихи өлкетану материалын тарих сабағында пайдалану әдістері бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Секция жұмысы аудандық тарих және құқық мұғлімдері қауымдастығының мүшесі, Көктөбе  жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Серік Көшербайұлы Шакиевтің жетекшілігімен өтті.