арналған республикалық жоспардың «Білімді бала» бөліміндегі іс-шаралардың бірі – театрлар мен музейлерге абонементтер беру. Осы орайда, Павлодар облысы бойынша шығарылғын А.Байтұрсынов атындағы балаларға арналған музей бонустық картасын Май ауданының 1683 оқушысы алды.

Майтүбек орта мектебінің оқушылары алғашқылардың бірі болып аталған картаны пайдаланып, облыс орталығындағы Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхаттады. Жануарлар дүниесін, тұрмыс ерекшеліктерін сыйпаттайтын экспонаттарды тамашалап, өңіріміздің тарихымен танысты. Өздеріңе мол рухани азық алған оқушылар Ертіс өзені жағалауында демалып, таза ауада серуендеп қайтты.