бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы шеңберінде қазақтың көрнекті биі, Тәуке ханның билер кеңесінің мүшесі, «Жеті Жарғы» заңдар жинағын түзетуге қатысушы тарихи тұлға – Едіге би Төлебайұлына арналған мектеп оқушыларының арасындағы облыстық оқуларға Май ауданы бойынша 3 оқушы қатысып, олардың барлығы да жеңімпаздар қатарынан көрінді.

🔸️”Етегіне ел сиған Едіге би” үй тапсырмасы бойынша жоба жазу бағытында бас жүлдеге ие болған Көктөбе орта мектебінің 10-сынып оқушысы Серік Әнигүл (мұғалім Гүлмира Калиева).

🔸️«Едігедей би өткен» эссе жазу бағыты бойынша жүлделі 3-орынға ие болған Көктөбе орта мектебінің 10-сынып оқушысы Марат Аружан (мұғалім Гүлмира Калиева).

🔸️Саты негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Социал Зарина “Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би” бағыты бойынша тест тапсырмалары орындап, Құлболды әулие атындағы арнайы сыйлыққа ие болды (мұғалім Гүлден Телеухан).

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ