іс-шарасы «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбымен өтті. Оған түлектердің ата-аналары, ұстаздары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Май ауданы бойынша 65 түлек жалпы орта білім туралы аттестат алып, үлкен өмірге қадам басты. Олардың ішінде 9 түлек (Ақжар ОМ – 3, Қазан ОМ – 1, Малайсары ОМ – 1, Көктөбе ОМ – 1) «Алтын белгі» аттестатының, 1 түлек (Е. Мұқашев ат. ОМ) «Үздік аттестат» иегері атанып отыр.

Түлектер кешіне аудан әкімі А. Әмірин қатысып, «Алтын белгі» иегерлеріне арнайы төсбелгілерді тағып, ақшалай сертификат табыстады. Ол өз сөзінде мектеп бітіруші түлектерді, “Алтын белгі” иегерлерін бүгінгі қуанышты сәтімен құттықтап, табысты болашақ тіледі.