Май ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде өтті. Оған мектеп психологтары, бастауыш сынып мұғалімдері және ата-аналар қатысты.

Түзету кабинетінің мамандары шеберлік-сынып көрсетіп, ерекше білім алу қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасау ерекшеліктерімен бөлісті.

Жалпы аудан мектептерінде ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасау мәселесі алдыңғы қатарда. Мұғалімдердің 80%-ы арнайы біліктілікті арттыру курсынан өткен. Осындай оқушылары үшін арнайы оқу жоспарлары құрылған және мұғалімдер тарапынан сабақ беруде әр баланың жеке ерекшелігі ескеріледі.