облыстық байқауына қатысқан оқушыларымыз жүлдемен оралды. Ағымдағы жылғы 18 наурыз күні Павлодар қаласында өткен сайысқа А. Иманов атындағы орта мектеп, Көктөбе орта мектебі, Жалтыр орта мектебі және Ақжар орта мектебінің оқушылары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар бір 2-ші орын, үш 3-ші орынды иеленді.

Сахналық қойылым бағытында Жалтыр орта мектебінің оқушылары Ә.Кекілбаевтің «Көлденең көк атты» әңгімесі бойынша сахналық қойылым көрсетіп, жүлделі ІІ орын алды (мұғалімі Қарлығаш Зарлықова). Қойылымға қатысқан оқушылар: Хуттымбетова Альдина және Алмади, Хуттымбек Ерасыл, Өмірбек Аққу, Темірбек Мансұр.

Иллюстрациялық сурет бағыты бойынша А. Иманов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Хамитова Раушан (мұғалімі Гаухар Балкенова), шығармашылық жұмыс бағыты бойынша Көктөбе орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тогаева Аяулым (мұғалімі Зауреш Иманбаева), Мәнерлеп оқу бағыты бойынша Ақжар орта мектебінің 9 сынып оқушысы Есенгелді Әмина (мұғалімі Армангүл Мүтанқызы) жүлделі ІІІ орындарды алды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 💐