тақырыбымен өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық съезі ағымдағы жылғы 15 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Съезді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін бастауыш білім берудің өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.

Съезге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және еліміздің барлық өңірлерінен келген бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олардың қатарында А. Иманов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Садыққызы Смагулова бар.

Минстр Асхат Аймағамбетов өз сөзінде бастауыш сыныптың типтік оқу бағдарламасы жаңаратындығы, тақырыпты бекіту мен қайталауға арнайы уақыт қажеттігі, грамматика мәселелерін күшейтуге көңіл бөлінетіндігін, «Математиканы» бастауыш сыныпта бөліп оқыту мәселесі де қарастырылатындығын айтты.