Қазан орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Ол ауданымызда алғашқылардың бірі болып «Елбасы медалі» жобасының күміс жүлдесін алды. Бұған дейін аталған жобаның қола медалін Май ауданының 9 оқушысы алған еді.

Жобада әр деңгейге қатысты талаптар қойылған. Қола деңгейге жету үшін – 6 ай, күміс деңгейге – 12 ай, алтын деңгейге жету үшін – 18 ай қажет. Бұл жоба 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.