3 наурыз күні Петропавл (тарихи атауы «Қызылжар») қаласында «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбымен өтті. Павлодар облысынан аталған съезге 14 адам қатысты. Оның 2-і Ақжар орта мектебінің ұстаздары: Балжан Мұратқызы Серікбаева және оның шәкірті, жас маман Ардақ Мүтанқызы.

Съезге білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысып, тарих пәнін оқытудың жаңа жоспарларымен бөлісті. Ол өз сөзінде «Қазақстан тарихы» бойынша бір ортақ базалық оқулық болатынын айтты.