аудандық оқушылар үйінің базасында өтті. Білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген семинардың күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
🔖«Отбасы – мектеп» жобасының іске асырылуы (Г. Калиева, @koktobe_om );
🔖«Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турнирін мектеп қабырғасында өткізу туралы (Е. Жанабайұлы, @akzhar_mektebi және Б. Солтанова, @satymektep );
🔖Оқушыларды ерте жастан экологиялық мәдениетке баулу жұмыстары (А. Арынова, @karaterekmektebi)

Сонымен қатар, семинар аясында оқушылардың республикалық, облыстық және аудандық конкурстарға қатысу нәтижесі бойынша әдістемелік кабинеттің әдіскері Н. Мукатаева есеп беріп, алдағы конкурстар мен жобалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.