жоспарын іске асыру аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Май ауданы жалпы білім беретін мектептерінің жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдеріне оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тренажерды пайдалану бойынша семинар-практикум өткізді.

Көктөбе орта мектебінің базасында өткен екі күндік семинарға аудан мектептерінен 50-ге жуық математика, физика, химия, биология және география пәнінің мұғалімдері қатысты.