облыстық кезеңі қашықтан өтеді. Ағымдағы жылғы 1 ақпан-1наурыз аралығында өтетін конкурстың іріктеу (аудандық) кезеңінің жеңімпаздары 2022 жылдың 14 – 18 наурыз аралығында өткізілетін облыстық конкурсқа қатысады.

Конкурстың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған, балалар мен жастар бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.

Конкурсқа Павлодар облысының жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 13-17 жас аралығындағы білім алушылары қатыса алады.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өтеді:
1. «Жақсылық керуені» (13-14 жас);
2. «Отаным – қасиетті туған жерім» (13-14 жас);
3. «Мен – Қазақстанның азаматымын» (13-14 жас);
4. «Менің ашық университеттерім» (15-17 жас);
5. «Менің кіші Отаным» номинациясы (13-14 жас);
6. «Қазақстанның жеті кереметі» (15-17 жас);
7. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» (15-17 жас);
8. «Жаңғырту полюсі» (14-15 жас);
9. «Киіз үй – ғаламның моделі» (15-16 жас);
10. «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» (15-16 жас).

Конкурс туралы толық ақпаратты мектеп әкімшілігінен алуға болады.