8-71838-91336 raioo@mail.ru

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  қазақ тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Бейсенова Қымбат Темирболатқызы қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар жасады.

Бұл секцияға арнайы шақырылған  Павлодар қаласы № 16 мектебінің мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша директор орынбасары Медеуова Сауле Абылкаировна және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Казкенова Гульмира Еркиновна   «Оқуға құштар мектеп-табысты ұлт» жалпымектептік жобасын іске  асыру тәжірибелерімен бөлісті.

Өз кезегінде Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Жумабаева Қарлығаш Какимовна функционалды оқу дағдыларын қалыптастыру,  Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Жаксымбетова Мапруза Кумаровна жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында кітапхана мен мұғалімнің бірлескен жұмысы, А.Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінің мұғалімі көркем шығарманы сахналау тәжірибелерімен бөлісті.

Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Адилханова Жанар Акановна «Оқуға  құштар  мектеп» облыстық жобасын іске асыру аясында оқушылардың көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыру жолдары» тақырыбы бойынша өз тәжірибесін ортаға салды.

Секция жұмысы аясында функционалдық сауаттылық бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі мен қорытынды атестаттауға дайындық сияқты өзекті мәселелер де қарастырылды.

Секция жұмысы аудандық орыс тілі қауымдастығының мүшесі  Кульсаринова Гульмира Еркиновнаның жетекшілігімен өтті.