8-71838-91336 raioo@mail.ru

Абай мұрасын зерделеу арқылы  педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыра отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, оқуға құштарлығын арттыру мақсатында 2021 жылғы 28 сәуір күні Май ауданының білім беру бөлімі Павлодар облысы білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының қолдауымен «Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалқ конференция өткізді. Конференцияға Абайды әлемге таныту – әлемге қазақты таныту деп білетін филология ғылымдарының кандидаты,  халықаралық  Түркі академиясы Президентінің кеңесшісі Ақеділ Тойшанұлы арнайы шақырылды.  Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Phd докторы Бахытгуль Молдағали Ұлы Абай атындағы жоғары оқу орнының мақсаты-міндеттері туралы баяндады. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАЙ, ЖжГПОӘ кафедрасының  аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Өміргүл Ертісханқызы Абай мұрасын оқытуда қазақ әдебиеті пәнінің мазмұндық бөлімдерін тиімді қолдану бойынша әдістестемелік ұсынымдар берсе, филология ғылымдарының магистрі,  Май ауданы Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темиржанова Гульдана Қазболатқызы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы «Абайды танытудың негіздемесі» факультатив курсын 5-8 сыныпта оқытуды ұсынды.

Конференцияға қатысушылар   Семей қаласы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік қорық музейіне жасалған танымды әрі қызықты онлайн саяхаттан кейін, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының Абай академиялық залы жұмысымен танысты. Конференцияның пленарлық бөлімі қазақ тілі, шет тілі, орыс тілі, тарих пәні мұғалімдері және мектеп кітапханашыларының  секция жұмыстарымен жалғасын тапты. Әр секцияға білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері, қалалық мектептердің мұғалімдері  қатысты. Конференция өте жоғары деңгейде өтті.