«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  қазақ тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Кожина Замзагуль Сүтешқызы қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Абай шығармаларының өзіндік ерекшелігін таныту амалдарын ортаға салды.

Қазан жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Темиржанова Гульдана Қазболатқызы 5-8 сыныптарда «Абайтану» курсын М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы оқыту амалдары туралы кеңірек мағлұмат берді.

Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Заирова  Гульжан жолдарымен бөліссе, А.Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінің мұғалімі Кожаханова Шынарай Тілектесқызы Абай шығармашылығына бағытталған тақырыптардағы эссе жазуға баулу тәжірибесімен бөлісті.

Май жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Адильшина Нұржамал Бейсенбекқызы «Абай шығармаларын оқытудың мазмұны мен технологиясы» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбын өткізіп, сатылай кешенді талдау арқылы Абай шығармаларын танытудың тиімді жолдарын ұсынды.

Шәкірттері түрлі оқуларда топ жарған Ақшиман негізгі орта білім беру мектебінің мұғалімі Ахметов Рысбек Құрманұлы Абай поэзиясын мәнерлеп оқыту,  Абай оқуларына дайындаудың тиімді жолдары бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Секция жұмысы аудандық бастауыш сынып мұғлімдері қауымдастығының төрайымы, Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Айман Рақымжанқызы Тауованының  жетекшілігімен өтті.