«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  мектеп кітапханашыларының секция жұмысына  арнайы шақырылған Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің аға педагог- кітапханашы  Оспанова Сандуғаш  Тілектесқызы мектеп кітапханашыларын қашықтықтан оқыту үшін оқу процесіне көмектесетін онлайн білім беру ресурстарымен таныстырды.

Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Уалиева Жаңылсын Асқарбекқызы «Қазіргі заманға сай мектеп кітапханасы – шығармашылық және зияткерлік даму орталығы»  (әдеби қонақжай, студиялар жұмыстарын ұйымдастыру) тақырыбы бойынша, Малайсары жалпы орта білім беру мектебі, Тусупова Гульден Жанботайқызы «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында кітапхана мен мұғалімнің бірлескен жұмысы» тақырыбы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің кітапхана меңгерушісі   Тлеумова Орынбасар Құлқанқызы аудандық орталықтандырылған кітапханамен серіктестік және «Кітапқұмар» отбасылық кітап оқу клубы жұмысын ұйымдастыру амалдарымен, Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы  Алдангорова Шолпан Нуртаевна балаларды өздігінен кітап оқуға үйретудегі әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Саты негізгі орта білім беру мектебінің кітапханашысы Кожанова Ульфат Рысбекқызы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясындағы «Бірлесе кітап оқимыз» марафонын өткізу амалдары» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Секция жұмысы әдістемелік кабинет әдіскері Галия Кажыкаримовна Бейсекееваның жетекшілігімен өтті.