8-71838-91336 raioo@mail.ru

«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы  қазақ тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Солтанова Балжан Магауяқызы қатысып, «Артық ғылым кітапта»: Абайдың қара сөздеріндегі функционалдық сауаттылық тақырыбы бойынша мұғалімдерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша пайдалы әдістемелік ұсынымдар берді.

Қазан жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Кайдарова Айнагуль Ерболқызы «Абайтану» курсын бастауыш сыныпта оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тақырыбы бойынша өз жұмысының бастамаларымен таныстырды.

Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Заирова  Гульжан Сайлаубайқызы «Қызығушылықпен оқу» немесе балалар мен олардың ата-аналары үшін интербелсенді оқылымды қалай ұйымдастыру керек?» тақырыбында,  Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Тюлекбаева Асем Амангелдіқызы «Балалар мен ата-аналарды кітап оқуға қалай жұмылдыру қажет?» тақырыбында іс-тәжірибелерін ортаға салып, бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.

Майтүбек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Майманова Жанар Кабыкенқызы балалардың кітап оқу қызығушылығын ояту және дамыту амалдарымен таныстырса, Е.Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Досымбаева Қарлығаш Дакжанқызы балалар мен ата-аналар қарым-қатынасының оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға әсері туралы құнды мәліметтер берді.

Секция жұмысы аудандық бастауыш сынып мұғлімдері қауымдастығының төрайымы, Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Шакиева Алмагуль Бахытбековнаның жетекшілігімен өтті.