«Абай мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық  ғылыми-практикалқ конференциясы аясындағы  «Шет тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің секция жұмысына  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Жантурина Нагима Сепиловна қатысып, аудан мұғалімдеріне функционалдық сауаттылықты арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Қазан жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Какежанова Диана Ербулатқызы ағылшын тілі сбақтарында оқу тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді  амалдарымен таныстырды.

Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Майманова Гульдара Балтабекқызы функционалдық сауаттылықтың практикалық стратегиялары туралы тәжірибесін ортаға салды.

Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі  Бильтаева Гульбахыт Елубаевна оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін PISA тапсырмаларын қолдану жолдарымен бөлісті.

Жас мамандар:  Майтүбек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Кушербаева Айдана Жумажанқызы оқушыларды оқуға қызықтыру,  Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Уалиева Айгерим Талғатқызы бастауыш сыныпта оқу сауаттылығына тәрбиелеу  бойынша  өзінің алғашқы тәжірибелерімен бөлісті.

Секция жұмысы аудандық ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының төрайымы, Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Майманова Гульдара Балтабекқызының  жетекшілігімен өтті.