2021 жылғы 20-26 қаңтар аралығында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңін қашықтан форматта өткізді. Маңызды іс-шараның басты мақсаты мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтің шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, жас ұрпақтың бойына отаншылық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру.
Сайыс төрт бағытта өтті: Ә.Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу, иллюстрациялық сурет, зерделеу жоба және сахналық қойылым байқауы.
Сайыс қорытындысы бойынша сахналық қойылым бағытында ІІІ орынға Май ауданының Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары ие болды.