Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі өңірдің түрлі салаларының нәзік жанды өкілдерімен кездесіп, сұхбаттасты. Мереке қарсаңындағы кездесу облыстық көркем өнер мұражайында өтті. Бас қосуға келгендер үшін галереяға экскурсия ұйымдастырылды. Аймақ басшысы шараға қатысқан қыз-келіншектердің атқарып отырған еңбектеріне жеке тоқталып, мерекемен құттықтады.  Кездесуге Май ауданынан Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің ұстазы, респубдикалық конкурстың жеңімпазы  Жұмабекова Гүлден Сансызбайқызы қатысты. Қатысушыларға арнайы дайындалған сыйлық – олардың жеке портрет суреттері табыс етілді.