5 наурыз күні білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлымен “Жаңартылған мазмұнды дамыту векторы: академиялық сауаттылықтан функционалдық сауаттылыққа” тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге өңірлік бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының төрайымы А.Шакиева және бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ғ.Сейілханова қатысты. Аталған шарада фунуционалдық сауаттылықты арттыру міндеттері айқындалып  қана қоймай, педагогтер қауымы өз іс-тәжірибелерін ортаға салды. Мереке алдында өткен маңызды кездесуден мұғалімдер жаңа серпін, тың шабытпен оралды.