Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес  мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар кеңес өтті. Күн тәртібі сәйкес  тәрбие жоспарының іске асырылуы, мектеп сайты мен инстаграм парақшасында тәрбие шараларының жарялануы бойынша мониторинг қорытындысы, қамқоршылық кеңесінің жұмысы және 2020 жылғы облыстық конкурстарға қатысу нәтижелері қарастырылды. Семинар аясында Қазан ОМ директорының орынбасары Г.Темиржанова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында білім алушылардың бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру” тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.