2021 жылдың 11 ақпанында мектепке дейінгі мекемелер басшыларына арналған семинар-кеңес өтті. Кеңеске бақша меңгерушілері, әдіскерлері, ШО әдіскерлері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Май ауданы бойынша ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, 2021 жылы білім беру қызметкерлерін аттестаттау, мектепке дейінгі білім беру педагогтері қауымдастығының жұмысы және ата-аналарға арналған консультациялық пункттің қызметі ұйымдастыруға қойылатын талаптар талқыланды.