А.Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Республикалық “Алтын тұғыр ” математикалық олимпиадасының жеңімпазы Смагулова Гульсум Садыққызы “Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері”  тақырыбында аудан көлемінде бастауыш сынып мұғалімдеріне “Қиын есепке оңай жол!”  ұранымен шеберлік сыныбын  өткізді.  Вебинар аясында ауданның бастауыш сынып мұғалімдері  берілген тапсырмаларды орындап, шешу жолдарымен танысты. Шеберлік сағаты өте қызықты өтті. Бастуыш сынып  мұғалімдері үшін сабақ барысында осындай тәсілдермен есеп  шығаруға көп көмегін тигізері анық  Белсенді қатысқан ұстаздарға  “Ой дамыту және математикадан 200 есеп”  атты құнды әдістемелік құрал сыйға тартылды.