Май ауданы білім беру бөлімімен 2021 жылдың 10 ақпан күні кәмелет жасқа толмаған балалардың тәрбиесі мен қауіпсізідігін қамтамасыз ету, бала тәрбиесіндегі  өзекті мәселелерге қоғамның назарын аудару мақсатында «Тәрбие жұмысының  өзекті мәселелер» атты ZООM  конференциясы ұйымдастырылды.  Жергілікті учаскелік  полиция қызметі бөлімшесіінің  бастығы міндетін атқарушы   Д.Б.Рахманбергенов , Май аудандық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының басшысы  С.Б. Аслбеков, Май ауданының  орталық ауруханасының Бас дәрігері  Ж. Ә. Әмірхановтың арнайы шақырылуымен өткен шараға қамқоршылық кеңесінің төрағалары, мектеп басшылары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтері, сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, аудан мектептерінің ата-аналар өкілдері қатысты. Конференцияда қоғамның өзекті мәселелері: отбасындағы тұрмыстық  зорлық – зомбылықты болдырмау, құқықбұзушылықтың алдын алу, ауданымыздың эпидемиологиялық жағдай, балалар арасындағы жарақаттанушылықтың алдын алу  мәселелері қозғалды. А.Иманов атындағы лицей-мектебінің  психологі Э.М. Бакасова буллингтің   алдын алу бойынша маңызды әдістемелік ұсынымдар берді.