Майтүбек мектебінің директоры Л.К.Елеукеева мектеп жанында және мектеп ішінде эстетикалық және экологиялық тартымды кеңістік құру, еңбекқорлықты, өз мектебіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау, оқушылардың, шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және практикалық-бағдарлы оқыту қағидатын жүзеге асыру мақсатында жасыл желектер мен гүлдер есебінен мектепке іргелес аумақтағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатын көздейтін «Жасыл мектебім – жасыл мекенім» жобасының таныстырылымын жасады.  Жоба аясында мектепте  100 гүл отырғызылып ,  ата-аналар мен ауыл тұрғындарындары мектеп өміріне етене араласуға жұмылдырылған.