Май ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабиеті мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешілері қауымдастығының  жұмыс жосапарына сәйкес педагогтерді кәсіби қолдау, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында  Көктөбе ОМ  тәрбиешілері А.Нургожина мен А.Аубакирова “Қашықтықтан оқыту  жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру” тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді.  Аудан бойынша 4 тәрбиеші бейнесабақтар түсіріп, білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ютуб каналына жариялады.