Май ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабиеті аудандық педагог тер қауымдастығымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 4 ақпанында орыс тілі  мұғалімдері қауымдастығының отырысын өткізді. Отырыс аясында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Қ.Т.Бейсенованың қатысуымен қорытынды аттестаттау мәселелері, «Оқуға құштар мектеп» жобасы талқыланады.

Сондай-ақ Қаратерек ОМ мұғалімі С.Қ.Сембаева «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында заманауи білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.