Май аудандық әдістемелік кабинеті мен бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 14 қаңтар күні “Бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу дағдылары мен оқу сауаттылығын қалыптастыру” ” Есептеу дағдыларын дамыту”тақырыбында семинар өтті. Семинар аясында бастауыш сынып мұғалімдері Tims, Pirls халықаралық зерттеулері аясында білім алушылардың шапшаң оқу дағдылары мен оқу сауаттылығын қалыптастыру, есептеу дағдыларын дамыту бойынша тиімді әдіс -тәсілдерді ортаға салды.