Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі   әдістемелік ұсынымдар негізінде білім алушылардың ата-аналарымен келісе отырып, демалыс күн мектептерін, ұзартылған күн сабақтарын және каникул кезіндегі мектебін ұйымдастыру шаралары аясында Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінде педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері қатарынан еріктілер қозғалысы ұйымдастырылды. С.Торайғыров Университетінің  Филология: қазақ  тілі мамандығының 3-курс студенті Сахимзадинова Айсана, Павлодар педагогикалық университетінің қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті Болатова Асемгуль өз ұстаздарының ұсынысын бірден қолдап, бастауыш және орта буын оқушылары үшін ZOOM платформасы арқылы қосымша сабақтар өткізді.  Мектеп түлектері, болашақ әріптестеріміз оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес сабақта ойын тапсырмаларын, белсенді әдістерді шебер қолдана отырып, білімнің орнын толтыру және олқылықтарды жою бойынша оқушыларға айтарлықтай көп көмек көрсетті.