Май ауданының білім беру бөлімі 2020 жылдың 21 желтоқсанында мектеп директорларының орынбасарлары мен қауымдастық төрағаларына арналған семинар-кеңес өткізді. Күн тәртібіне сәйкес  «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру  ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік  ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ   2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2020 жылы 15 желтоқсандағы № 527 бұйрығы, Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары жағдайында демалыс кезеңінде (ата-аналармен келісім бойынша) білім алушылар білімінің олқылықтарын толтыру бойынша жұмыс , «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №496 бұйрық   және «Кітап оқуға құштар мектеп» аймақтық жобасы жан-жақты талқыланды.