Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2020 жылдың 12 желтоқсанында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар кеңес өтті. Семинар аясында Көктөбе ОМ директорының орынбасары А.Солтанова “Қашықтықтан оқыту жағдайында сынып жетекшілерімен жұмыс ұйымдастырудың әдістемелік аспектілері” тақырыбы бойынша шеберлік сыныбын өткізді. TED х алаңында “Шаңырақ” қоғамдастығының жұмысын іске асыру туралы   Қаратерек ОМ директорының орынбасары Арынова А.Қ., Май ОМ директорының орынбасары Касимова Ж.Т   және “Рухани жаңғыру” бағдарламасының орындалуы бойынша  Майтүбек ОМ директорының орынбасары Қайрақбаева А.Б. іс-тәжірибелерімен бөлісті.