Май ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабиеті  мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің аудандық қоғамдастығының жұмыс жоспарына сәйкес «Ақбота» бөбектер бақшасымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында «Инклюзивті білім беру жағдайында  мектеп жасына  дейінгі балаларды   психологиялық-педагогикалық  қолдау»  тақырыбында қашықтықтан аудандық семинар өткізді. Семинарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері: әдіскерлер, тәрбиешілер, психологтер және  музыка жетекшілері қатысты.