2020 жылғы 23-27 қараша аралығында облыс мұғалімдері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдері қолдау мақсатында білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы тарапынан «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының ақтық кезеңі өткізілді. Конкурс нәтижесі бойынша Май ауданының Көктөбе ЖОББМ мұғалімі Динара Мерболатовна Бейсекова 3-орынға, ие болды. Сонымен қатар, «Әдіскер мұғалім» номинацияна иеленген Май ауданының Қазан ЖОББМ мұғалімі Гульдана Қазболатовна Темиржанова Білім беру басқармасының грамотасымен марапатталды.