Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2020 жылдың 26 қарашасында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар кеңес өтті. Шара асяында Жалтыр ОМ директорының орынбасары Абеуова Г.Қ. “Мектептің кеңістігін тиімді қолдана отырып «Шаңырақ» қауымдастығының жұмысы арқылы оқушылардың  үздіксіз білім алуына жағдай жасау” тақырыбында, Ақжар ОМ директорының орынбасары Мүтан А.М. “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы негізінде іс-шаралардың іске асырылуын жоспарлау және бақылау” тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді. TED х алаңындаШаңырақ” қоғамдастығының жұмысын іске асыру бойынша Е.Мұқашев ат.ОМ директорының орынбасары  Уалиева Н.С. және Саты НМ директорының орынбасары Солтанова Б.Қ. іс-тәжірибелерін ортаға салды.