Май ауданының  Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінде соңғы үлгіде техникалық жабдықталған STEM-зертханасы кабинеті ашылды. Жаңа кабинеттің салтанатты ашылу рәсіміне мектеп оқушылары, ұстаздар қауымы мен ардагер ұстаздар қатысты. Бірнеше жыл қатарынан мектеп түлектері алтын ұя мектебіне көмек беруде. Оқушыларға  инженерлік жұмыс пен бағдарламалау, робототехника және 3D—өңдеу бойынша бастапқы білім алуға мүмкіндік бар. Лаборатория роботтар, компьютерлер, құрастырғыштармен және тағы да басқа құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кабинеттің алғашқы келушілеріне авторлық жоба жасауға және облыстық, республикалық деңгейдегі интеллектуалдық жарыстарға қатысу сияқты керемет мүмкіндіктер жасалған.