Білім беру бөлімінің  жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 20 қарашасында «Тоқсандық жиынтық бағалауды  ұйымдастыру,  бақылау және нәтижелерін талдау» тақырыбында өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің қатысуымен ашық алаң жұмысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының өзара тәжірибе алмасуларына жағдай жасау және ТЖБ өткізу мәселелерін анықтап, оны шешу жолдарын айқындау. 1-тоқсан қорытындысы бойынша Жалтыр ОМ директорының орынбасары Э.Е.Базылбаева және  Көктөбе мектебі директорларының орынбасарлары С.Изатова мен А.Б.Шакиева  атқарған жұмыстары мен туындаған мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы “Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі   әдістемелік ұсынымдар” негізінде  № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы №484  бұйрығына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселелері талқыланды.