«IQanat білім беру қоры» қоғамдық қорымен өткізілетін олимпиаданың екінші бірінші кезеңі Көктөбе және Малайсары мектептерінде ұйымдастырылды. Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың оқуға қызығушылығын қалыптастыру; оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау мақсатында өткізілетін олимпиадаға ауданның 12 мектебінен 80-ге жуық оқушы қатысты. Олимпиаданың өткізу орнында белгіленген профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар толық орындалды. Олимпиаданың өтілуіне 2019 , 2020 жылғы жылғы облыстық кезеңнің жеңімпаздары болып оқушылар волонтерлер ретінде қатысып, шараның қызықты әрі тиімді ұйымдастырылуына атсалысты.