IQanat олимпиадасы -жаңа білім беру бағдарламасы қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып отыр. IQanat қорының негізгі мақсаты – Қазақстанның ауыл мектептерінің қабілетті оқушыларын анықтау және қолдау, олардың отандық және халықаралық жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беру. Облыстық кезең жеңімпаздары болып анықталған оқушылар  Қапшағайда өтетін IQanat олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алып қана қоймай, бағалы сыйлықтарға ие болды.Олар: Көктөбе орта мектебінің  оқушылары Оразбай Әйгерім мен Муратова Нұрай, Қаратерек мектебінің оқушысы Ахметбек Дильназ.