Менеджмент – педагогикалық ұжымның  еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қол жеткізілетін қалаулы және алдын ала  жоспарлаған нәтижеге қол жеткізу амалдары бойынша мектеп басшыларының өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында  17 қараша күні  білім беру бөлімінің мәжілісі аясында TED х алаңы ұйымдастырылды. Аталған шарада  А.Иманов атындағы ЛМ директоры Г.М.Ахметова “Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы менеджмент” тақырыбы бойынша өзінің басқарушылық тәжірибесін ортаға салды.