Көптілді білім беру – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін-өзі жүзеге асыра алуына, бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты. Осы орайда 2020 жылдың 10 қарашасында білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастырумен  жалпы орта білім беретін мектептердегі көптілді білім беретін мұғалімдермен «Көптілді білім беру: тәжірибе мен алғашқы нәтижелер» тақырыбында ашық алаң өтті. Аталған шарада 15 мұғалім өзара  іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды.