ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру міндеттерінің  6- тармағында “Пән мұғалімдерінің республикалық қауымдастығын құру және оның жұмыс істеуі”, 7-тармағында “Әр өңірде пән мұғалімдерінің қауымдастығын құру” жоспарланған.  Білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 19 қазан күні «Май ауданы мұғалімдерінің қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру”  тақырыбында мектеп  директорларының орынбасарларына, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Қауымдастықтың мақсаты-білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыруға әсер ететін инновациялық процестерді қолдау және дамыту. Міндеттері: білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобалары мен шешімдерін талқылауға қатысу; инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату; өңірдің шығармашылық ойлайтын педагогтарының пулын қалыптастыру; мерзімді басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Қауымдастық қызметі туралы ақпарат тарату; әдістеме, заманауи педагогикалық, инновациялық технологиялар, педагогикалық тәжірибе саласындағы заманауи жетістіктерді танымал ету; педагог қызметкерлердің кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейту.

2020 жылдың 1 қарашасына дейін барлық пәндер бойынша қоғамдастық құру, жұмыс жоспарын құру және бекіту, әдістемелік қызметті қоғамдастық жоспары негізінде іске асыру ұсынылды.