▫️Бірінші сыныпқа қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды!

▫️ҚР Білім және ғылым министрлігі құжаттарды 1 сыныпқа қабылдау мерзімін 2020 жылдың 20 тамызына дейін ұзартты. Өтініштер Egov.kz “Электрондық үкімет” порталында электрондық форматта қабылданады

▫️Өтінім беру үшін: ата-аналардан (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан) өтініш; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3х4 см көлеміндегі баланың екі фотосуреті; 026\у-3 “баланың денсаулық паспорты” нысаны бойынша және 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттар қажет.

▫️ Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты азаматтарға құжаттарды тапсыру кезінде оларды уақытша ұсынбауға рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде болады.