Май ауданы білім беру бөлімінің Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған  гимназиясымен бірлескен жұмыс жоспары аясында бүгін “Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басқарушылық қызметі” тақырыбында семинар өтті. Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бакирбекова директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының басқарушылық қызметі, мектепішілік бақылау мәселелері бойынша тәжірибесімен бөлісті.