Май ауданы білім беру бөлімінің Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған  гимназиясымен бірлескен жұмыс жоспары аясында бүгін аудан иұғалімдері үшін “Оқушыларды ғылыми жоба жазуға бейімдеу” тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында гимназияның ұстаздары Тулеубаева К.Б., Альдекенова А.Т.ғылыми жобалар оқушыларды ғылыми жоба жазуға бейімдеу тәжірибелерімен бөлісті. Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын дайындаған ұстаздармен кездесу,әрі  тәжірибе алмасу өте қызық әрі пайдалы болды.