Ағымдағы жылдың 18 мамырында аудан оқушылары арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Адалдық сағаты» республикалық акциясын өткізілді.

«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы сабақ республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.

Аталған акцияға ауданымыздың 9-11-сынып оқушылары қамтылды.