Май ауданы білім беру бөлімінің Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған  гимназиясымен бірлескен жұмыс жоспары аясында  бүгін  “Мектеп психологтарының дарынды балалармен жұмыс жүйесі”  тақырыбында аудан мектептерінің психологтеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында дарынды балаларды анықтау, дарындылықты дамытуға арналған тренингтер  туралы мәліметтер берілді. Семинар материалдары мектеп психологтерінің ортақ поштасына жіберілді.